"Ұлттың ұлы мұрасы - Абай" атты аудандық семинар өткізілді.
Абайдың 175 жылдығы және Еріктілер жылына орай Ақшолақ орта мектебінің базасында Жаңатұрмыс аймағының Жасұландықтары мен тәлімгерлерінің, атап айтқанда Абланов, Пушкин, Ақшолақ, Жаңатұрмыс, Амангелді, 5 орта мектептерінің ұйымдастыруымен "Ұлттың ұлы мұрасы - Абай" атты аудандық семинар өткізілді. Қонаққа "Балалар шығармашылығы және тәрбие орталығының" директоры Е.Сайлауұлы, үйлестіруші А.Ибрагимова, мәдениет үйінің дәстүрлі әншілері Көпешов М., Д.Басығараев және мектеп тәлімгерлері келді.