05
май
2025
“Кәсіби білім алу- болашаққа жарқын жол”
Жаңатұрмыс орта мектебі ұйымдастырған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында “Кәсіби білім алу- болашаққа жарқын жол” атты кәсіптік бағдар беру шеберлік сабағында оқушыларға мамандық таңдаудың мән- маңызын баяндап жеке кәсіпкер Л.К.Жабатаева , жеке шаруа қожалығы иелері Т.Қабылбеков және Қ.Т.Абсаматов өз ойларымен бөлісті. Сөз алған Білім бөлімінің әдіскері А.Қойшыбайқызы оқушыларға адам өмірінде мамандықтың алатын орны, маңызы туралы түсінік қалыптастырды.



