26
май
2025
«БІЛІМІМ-ОТАНЫМА» ТАҚЫРЫБЫНДА БІРЫҢҒАЙ СЫНЫП САҒАТЫ ӨТКІЗІЛДІ

«БІЛІМІМ –ОТАНЫМА» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ БІРЫҢҒАЙ СЫНЫП САҒАТЫ-ШӘКІРТТЕРІМІЗ ҮШІН ЕЛЖАНДЫЛЫҚҚА ҮНДЕГЕН ТАҒЫЛЫМДЫ ТӘРБИЕ САБАҒЫ
Қазақстан Республикасы бойынша 2025 жылғы 23 мамыр күні жалпы білім беру ұйымдарында «Білімім-Отаныма» атты жалпыреспубликалық бірыңғай сынып сағаты ұйымдастырылып, Жаңатұрмыс орта мектебінде де бұл тағылымды шара өз жалғасын тапты.
Сынып сағаты сағат 9:00-де мемлекеттік Әнұранды орындаумен салтанатты түрде ашылып, оқушылардың бойында отансүйгіштік, елжандылық, ұстазға деген құрмет пен білімге құштарлықты арттыруды мақсат етіп, оқушылардың жыл бойы алған білімінің маңызын түсініп, сол білімді ел игілігіне бағыттай білуге тәрбиелеудің бір көрінісі болды.
Сынып сағатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының негізгі құндылықтары-адалдық, жауапкершілік, патриотизм, еңбексүйгіштік, әділдік және білімге деген құрмет секілді адамгершілік ұстанымдар кеңінен талқыланды. Әр сыныпта оқушылармен ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, олар өздерінің өмірлік құндылықтары туралы ойларын ортаға салды.
Мұғалімдер балаларға адам ретінде қалыптасу жолында тек білім алу жеткіліксіз екенін, сонымен қатар, жеке тұлғаның ішкі мәдениеті, тәртібі мен мінез-құлқы да аса маңызды екенін ұғындыра білді. Оқушылар өз Отанына, мектебіне, ұстаздары мен ата-анасына құрметпен қарау-нағыз азаматтықтың белгісі екенін терең түсінді.
Шара барысында оқушылар көркемсөз оқып, патриоттық әндер шырқалды, ұстаздар мен оқушылар арасында жылы лебіздер алмастырылды. Сынып сағатының мазмұнына байланысты интерактивті тапсырмалар мен сұрақ-жауап түріндегі ойын элементтері де енгізіліп, балалардың белсенділігін арттырды.
«Білімім-Отаныма» сынып сағаты оқушыларды өз болашағын ел болашағымен сабақтастыра білуге баулыды. Олардың алған білімін жеке мүдде емес, ұлттық мүдде жолында жұмсау керектігі ерекше атап өтілді.