Мектеп кітапханаcы » сш. Жанатурмыс
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Жаңатұрмыс орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72637) 5 14 69
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
+7(705) 574 01 73
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп кітапханаcы
«Абай дана, Абай дара қазақта»
26
январь
2026
«Абай дана, Абай дара қазақта»
Жаңатұрмыс орта мектеп кітапханасында  «Абай дана, Абай дара қазақта» тақырыбында 6-сынып оқушылары арасында  әдеби кеш өткізілді.     Бұл әдеби кеш қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы, ағартушысы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттауға арналды. Іс-шара барысында Абайдың өлеңдері оқылып, қара сөздерінен үзінділер айтылды, әндері орындалды. Кештің мақсаты – оқушыларды ұлы ақын мұрасын құрметтеуге, рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу, әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.
"Оқулыққа жаңа өмір сыйлайық"
18
май
2025
"Оқулыққа жаңа өмір сыйлайық"
Жаңатұрмыс орта мектебінде 2024-2025 оқу жылының аяқталуына байланысты "Оқулыққа жаңа өмір сыйлайық" тақырыбында кітапхана белсенділерімен оқулықтарды таза күйінде қайтару мақсатында кітаптардың бүтіндігін, тазалығын тексеріп, бүлінген оқулықтарды ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде.
"Оқуға құштар мектеп"
18
январь
2024
"Оқуға құштар мектеп"
Жаңатұрмыс орта мектебі кітапханасында "Оқуға құштар мектеп" жобасын іске асыру аясында, Асқарбек Бектемісовтің "Тәуелсіздік тартуы" атты көркем әдебиетіне 7-8 сынып оқушылары арасында оқырмандар конференциясы ұйымдастырылып өткізілді. Есімі көпке танымал-журналист Асқарбек Бектемісовтің бұл жинағына Тәуелсіздік жайлы ой толғамдары, естелік-өлең жырлары, еніп отыр. Бұл кітабында автор ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап өткен бостандықтың тәтті дәмін татқанын бақытына балайды.
"Оқуға құштар мектеп"
14
декабрь
2022
"Оқуға құштар мектеп"
Жаңатұрмыс орта мектебі кітапханасында "Оқуға құштар мектеп" жобасын іске асыру аясында Тәуелсіздік күніне орай "Тәуелсіз Қазақстан-біздің ең қымбат, ең асыл құндылығымыз" тақырыбында көрме жасалды Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан туралы, оның Тәуелсіздігі туралы мәлімет беру, Тәуелсіздікке қалай жеткенін баяндау, көрсету оқушыларды өз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу.
Кітапхана
23
ноябрь
2022
Кітапхана
Кітапхананың болуы* Иә Жоқ Кітапхана, бірлік* 1 ​ Кітапхана ауданы, ш.м* 78,65 ​ Оқу залдарының саны, бірлік* 1 ​ Оқу залдарында отыратын орындар саны* 8 ​ Оқырмандар саны, адам* 160 ​ Келіп кетушілер саны, адам* 2240 ​ Кітап беру саны, бірлік* 4480 ​ Кітаптар саны, дана* барлығы ( оқулықтар, көркем әдебиеттер, брошюралар және журналдар) 6853 – оның ішінде оқулықтар 3365 – оның ішінде кітаптар (көркем әдебиеттер, брошюралар және журналдар) 3488 Қосымша және көркем әдебиеттер саны* № Бағыттары
Кітапхана
07
ноябрь
2022
Кітапхана
06.11.2022ж Жаңатұрмыс орта мектебі кітапханасында "Балалар жылы 2022" аясында күзгі каникул кезінде бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында оқушылар ертегілер мен әдеби кітаптарды сынып жетекшілерімен бірге келіп алып оқыды.