22
январь
2020
"Ұлттың ұлы мұрасы - Абай" атты аудандық семинар өткізілді.
Абайдың 175 жылдығы және Еріктілер жылына орай Ақшолақ орта мектебінің базасында Жаңатұрмыс аймағының Жасұландықтары мен тәлімгерлерінің, атап айтқанда Абланов, Пушкин, Ақшолақ, Жаңатұрмыс, Амангелді, 5 орта мектептерінің ұйымдастыруымен "Ұлттың ұлы мұрасы - Абай" атты аудандық семинар өткізілді. Қонаққа "Балалар шығармашылығы және тәрбие орталығының" директоры Е.Сайлауұлы, үйлестіруші А.Ибрагимова, мәдениет үйінің дәстүрлі әншілері Көпешов М., Д.Басығараев және мектеп тәлімгерлері келді. Алғашқы сөз кезегі Ақшолақ орта мектебінің директоры Ж.Байдилдаеваға берілді. Жас Ұлан ұйымының оқушылары Абай атамыздың шығармашылығын насихаттап, яғни өлеңдерін мәнерлеп оқып, әндерін шырқады. Іс-шарадан соң Жаңатұрмыс орта мектебінің психологы Б.Асанова тәлімгерлерге трейнинг жүргізіп, БШжТО директоры аудандық семинарды қорытындылады. Белсенді қатысқан Жасұландықтарға "Алғыс хат" берілді.



