“МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР КҮНІ» АЯСЫНДА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗ НАСИХАТТАЛУДА. » сш. Жанатурмыс
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Жаңатұрмыс орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72637) 5 14 69
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
+7(705) 574 01 73
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР КҮНІ» АЯСЫНДА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗ НАСИХАТТАЛУДА.
20
март
2025

“МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР КҮНІ» АЯСЫНДА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗ НАСИХАТТАЛУДА.

“МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР КҮНІ» АЯСЫНДА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫМЫЗ НАСИХАТТАЛУДА.
Жаңатұрмыс орта мектебінде жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

Қазағымның салт-дәстүрін сақтаған,
Осындай бар қыздар үшін мақтанам.
Жарасып тұр шашбау таққан бұрымы,
Көргенді ғой сені өсірген ақ анаң.

     Қазақ халқы «қыз» деген сөздің өзін әдептіліктің, әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған. Әсіресе қыз баланың көрікті болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөліп, «Аттың көркі-жалы, қыздың көркі-шашы» деп қыздың шашын күтіп өсіруді өнер санаған. Ол үшін оның шашын айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын «қос бұрым» немесе «бестемше» етіп өру бойжеткен қыздың көркі болған. Қазақ халқының жырларында қазақ қыздарының шаштарын «Шашының ұзындығы ізін басқан», «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты» деп, керемет суреттеген. 

 «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүрлер күні»  аясында   «Сырлы жеңге мен сұлу қыз” тақырыбында қайынсіңілісі мен жеңге арасында сайыс ұйымдастырылды.Сайысқа 4-жұп қатысып, өнерлерін ортаға салды. Сайысқа қатысқан қатысушыларға марапаттар тағайындалып, сый- сиапат көрсетілді

Мектепте оқып жүрген қыз бала, ол-үйдегі ата-ананың көз қуанышы, мектепте ұстаздарының мақтанышы бола білуі тиіс. Тарихымыздың сан түрлі парақтарын ақтарсақ, қазақ қыздары мен қазақ әйелдері туралы, жалпы аналар әлемі туралы қалам тербемеген тұлғалар сирек екен. Қазақстанның халық жазушысы Әзілхан Нұршайықовтың қазақ қыздарына айтқан өсиет сөздері өте көп. Мәселен, «Адал перзент, асыл азамат боламын десеңдер, еңбекшіл болыңдар! Еңбекшіл адам ең ардақты адам!», «Әдемі болыңдар, әсем болыңдар! Сонымен бірге ақылды болыңдар!», «Сұлу болыңдар, сымбатты болыңдар! Сонымен бірге саналы болыңдар!» «Инабатты болыңдар, ілтипатты болыңдар, ұйымшыл болып өсіңдер!».

   Дана халқымыз: «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаған. Бүгінгі ұл-ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз-ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші-ата-ана және қоғам. Сол себепті қыз баласы қашан болмасын тап-таза киініп, шашын таранып, жинақы жүруі керек. Ұлтымыз қазақ деп ұрандағанда, сол ұлттық ұранымыздың ішінде тілі, діні, салт-дәстүрі мен тарихы бірінші ойымызға келеді. Міне, қазақ ұлтын қорғаушы да, қолдаушы да біздің ұл-қыздарымыз. Сондықтан да баланы отбасындағы бесіктен бастап дұрыс тәрбие беріп, түзу жолмен жүргізейік, ұлттық құндылықтарымызды ұлықтай білейік! Уақыт қанша өзгерсе де, қалыптасқан қанымызда бар салт- дәстүрімізді берік ұстанайық.
 
#Біртұтас_тәрбие 
#oqu_agartu_ministrligi
#ganibeisembayev
#medetbekovameruert
#даналық_мектебі
#наурызнама
#біртұтас_тәрбие 
#nauryznama2025

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив