06
март
2023
"Мектеп аруы-2023"
Жаңатұрмыс орта мектебінде 8 наурыз халықаралық аналар мерекесіне орай қыздарды ұлттық салт-дәстүрлерді қастерлеп, тәрбиелі, білімді, өнерлі болып өсуге, тазалықты дұрыс ұстап және күнделкті сақтауға үйрету, қыздарды парасатты қыз болып өсуге баулу мақсатында "Қыз Жібек" қыздар клубының жоспарына сәйкес ДТІЖО Бегалиева Каракас Такишқызының ұйымдастыруымен "Мектеп аруы-2023" сайысы ұйымдастырылды. Сайысқа 8 үміткер қатысып жүлделі орындармен марапатталды. Мектеп директоры Е.С.Баятов келген мерекемен шын жүректен құттықтап, жылы лебізін білдіріп сайысқа қатысушы қыздарға сәттілік тіледі. Бас жүлдені жеңіп алған Сайбек Ұлдана аудандық кезеңге жолдама алды.





