24
март
2023
"Қош келдің,әз Наурыз!"
Жаңатұрмыс орта мектебінде 22 Наурыз мерекесіне орай 1-2 сынып жетекшілері 16 наурыз күні"Қош келдің,әз Наурыз!"тақырыбында сынып сағаты өтті.Мақсаты:Наурыз мерексінің қазақ даласындағы орны,наурыз мерекесінің ұлттық салт дәстүрімізбен,әдет-ғұрыпызбен байланыстыра насихаттап,ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.Мерекелік іс-шара барысында аналар атадан балаға қалып отыратын мол мұра салт-дәстүріміз "Бесікке салу" мен "Тұсау кесу" рәсімін насихаттаса,қыздарымыз қол өнердің аса бай қазыналарының бірі ұлттық киім үлгісін және текемет бетіндегі түр-түс үйлесімі мен ою-өрнектің орналасуын көрсетті.Ұлдар ұлтымыздың құнды мұрасы халық арасында кең тараған ұлттық ойындар "Асық тарту" арқылы күш сынасып,ескірмеген салттың бірі-бата берді.







