"Ардагерлер-асыл ерлер" атты ауған соғысының ардагерлерімен кездесу
Жаңатұрмыс орта мектебінде ДТІЖО Қ. Бегалиева, мектеп тәлімгері А. Жанабаева және Жас Ұлан ұйымы оқушыларының ұйымдастыруымен "Ардагерлер-асыл ерлер" атты ауған соғысының ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді. Кездесуге арнайы ауған соғысы ардагерлері Мейрбеков Алидар және Қонысбеков Аманжол, сонымен қатар ауыл ақсақалдары Рысбаев Бақтыбай атамыз бен Мейрбеков Қалдыбек атамыз келді. Кеш соңы концерттік бағдарламаға ұласты.