12
апрель
2019
"Жыл оқушысы-2019"
"Өрлеу" біліктілікті арттыру ұлттық орталығымен бірлесе отырып Жаңатұрмыс орта мектебінде "Жыл оқушысы-2019" облыстық көшбасшы оқушылар байқауы ұйымдастырылды. Байқауда 8 сынып оқушысы Серікқызы Нұргүл жүлделі ІІ орынмен және 10 сынып оқушысы Ізбасар Гүлнұр жүлделі ІІІ орынмен марапатталды. Оқушыларды дайындаған пән мұғалімдері мен мектеп директорына алғыс хат берілді. Келген қонақтарға "Жас Ұлан" ұйымының оқушылары концерттік бағдарлама ұйымдастырды.



