15
декабрь
2025
"ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАҒЗЫМ"
«ТӘУЕЛСІЗДІККЕ ТАҒЗЫМ: ТАРИХИ ЖАДЫ МЕН ҰЛТТЫҚ САНА» ОНКҮНДІГІ АЯСЫНДА АШЫҚ САБАҚТАР ӨТКІЗІЛУДЕ
Жаңатұрмыс орта мектебінде «Тәуелсіздікке тағзым: тарихи жады мен ұлттық сана» тақырыбымен онкүндік ұйымдастырылуда. Оңкүндіктің мақсаты-оқушылардың ұлттық рухын көтеру, тарихи жадыны жаңғырту, елдің тәуелсіздік жолындағы күрес кезеңдеріне деген қызығушылығын арттыру.
Онкүндік аясында сынып жетекшілер "Тәуелсіздік - ең қымбат құндылығымыз," Желтоқсан құрбандары" тақырыбтарында ашық сабақтар ұйымдастырылды. Сабақ барысында оқушылар Кенесары Қасымұлының тарихи тұлғасын, оның тәуелсіздік жолындағы күресінің маңызын тереңірек танып, көтерілістің себеп-салдары мен тарихи нәтижелерін талдады.
Сынып жетекшілер бейнематериалдар қолданып, оқушылардың зерттеушілік дағдыларын дамытуға басымдық берді. Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізе алды, тарихи оқиғаларға сыни көзқараспен қарауға мүмкіндік алды.
Тәрбие сағаттарының ұйымдастырылу барысында онкүндіктің мазмұнын байытып, оқушылардың тарихқа деген қызығушылығын арттыруға ықпал жасады.