Экскурсия » сш. Жанатурмыс
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Жаңатұрмыс орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72637) 5 14 69
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
+7(705) 574 01 73
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Экскурсия
19
апрель
2024

Экскурсия

Екі мың жылдан астам тарихы бар Тараз қаласында көнеден сыр шертетін қасиетті орындар көптеп саналады. Соның бірегейі «Тектұрмас» этно-тарихи кешені, “Қарахан баба” кесенесі.
Жақында Жаңатұрмыс орта мектебінің педагог-ұйымдастырушысы мен мектеп тәлімгері Ш.Жолмаханның бастамасымен мектеп оқушылары Қарахан кесенесі және «Тектұрмас» этно-тарихи кешенін аралап, тарихымен танысты.

«Тектұрмас» этно-тарихи кешені - Талас өзенінің жоғарғы жағалауындағы «Тектұрмас» тауының биік таулы беткейінде орналасқан екен. Тарихи кешенді тамашалау Талас өзені арқылы өтетін көпірден басталды. Экскурсияға қатысушылар көпірге кіре беріс жерде тұрғызылған: Ұлы Батыс түркі қағандарының таңбасы мен Самұрық құстың бейнесі, «Көне Тараз» қақпасы, мұнаралардың алдыңғы жағында бойы 2 метр, ал салмағы 300 келі найза және қылышпен жасақтанған сауытты екі жауынгердің мүсіндік бейнелері, кешенге кіреберістен басталатын баспалдақтың екі жағындағы ақ тастардан жасалған ескерткіштерді тамашалап, Тараз өңірінен шыққан – он төрт қаған мен ойшыл ғұламалар, олардың билік еткен ғасырлары туралы кеңінен ақпарат алды.
Сонымен қатар ,жастар Қазақстанда ХІ ғасырдан бері сақталған сәулет өнер ескерткіші – Қарахан кесенесін барып көрді. Ескерткіш қазіргі Тараз қаласының батыс шетінде Қарахан әулетінен шыққан белгілі хан Ша-Махмуд Бұғра Қарахан қабірінің басына орнатылған.
Саяхаттың басты мақсаты - ұлттық құндылықтарды жаңғырта отырып, жас ұрпақтың бойына өңіріміздегі киелі жерлердің тарихын білуге, қастер тұтуға тәрбиелеу. Тағылымы мол саяхат барысында естелік суретке түстік.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив