М.Р.Ускенбаев

Тегі: Ускенбаев
Аты: Мурат
Әкесінің аты: Рысбекович
Туған күні, айы, жылы: 28 маусым 1969 жыл
Туған жері: Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Тегістік ауылы
Ұлты: қазақ
Білімі: жоғары
Бітірген оқу орны және бітірген жылы: Жамбыл педагогикалық институты, 1993 жыл
Педагогикалық еңбек өтілі: 25 жыл
Біліктілігі: жоғары санатты математика және информатика пәндерінің мұғалімі
Отбасы жағдайы: үйленген, 3 баласы бар
Мекен жайы: Байзақ ауданы, Көктал ауылы, Степная көшесі, №12 үй
Қандай ТМД халықтарының тілдерін және шетел тілдерін біледі: орыс тілі, ағылшын тілі (сөздікпен)
Жұмыс орны, қызметі: «Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Жаңатұрмыс орта мектебі» КММ-нің басшысы
Қосымша мәліметтер:
Еңбек жолын 1993 жылы Чапаев атындағы орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып бастады, 1994-1996 жылдары Сарыбарақ орта мектебінде математика пәнінің мұғалімі болды. 1996-1997 жылдары Сарыбарақ орта мектебінде АӘД жетекшісі қызметін атқарды. 1997-2009 жылдары Көктал орта мектебінде математика және информатика пәндерінің мұғалімі болып жұмыс істеді.
2009 жылдың ақпан айынан 2009 жылдың қараша айына дейін директордың бағдарлы оқу ісі жөніндегі орынбасары, 2009-2013 жылдары директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, 2013 жылдан 2017 жылдың 10 қазанына дейін директордың эксперименттік ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.
2017 жылдың 10 қазанынан бастап Жаңатұрмыс орта мектебінің директоры болып қызмет атқарып келеді.
2013 жылы «Педагогтың кәсіби өсуі – білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің басты шарты» атты Бірінші Республикалық педагогикалық оқулардың облыстық кезеңінде ІІІ орын иеленіп, Республикалық педагогикалық оқуларға қатысты.
2013 жылы Қазақстан оқу ассоциациясының «Мұғалім карьерасы: Профессионализм және Көшбасшылық» тақырыбындағы 13–Ұлттық Оқу Конференциясында ғылыми-ізденіс баяндамасы үшін Грамотамен марапатталды.
2014 жылы Астана қаласының «Оқыту және дамыту орталығы» ұйымдастырған «Ұлағатты ұстаз» атты ІІІ Республикалық оқытушылардың қашықтық конкурсында «Презентациялар және олардың білім беру процесіндегі рөлі» бағытында І орынды иеленді.
2014 жылы Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинеті өткізген «Кәсіптік білім берудің жаңа парадигмасы және оқытушының рөлі» тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық конференцияда және «Өрлеу» БАҰО филиалы ЖОБПҚБАИ өткізген «Әлеуметтік интеллект: теория, тәжірибе және тенденция» тақырыбындағы ғылыми-практикалық конференцияда баяндама оқыды.
2014 жылы Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы өткізген «Білім берудегі инновация: ізденіс және шешім» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда баяндама оқыды.
2015 жылы «Өрлеу» БАҰО филиалы ЖОБПҚБАИ өткізген «Жүйелі тәсіл арқылы ҰБТ-ге дайындау» тақырыбындағы облыстық тәжірибелік семинарда іс-тәжірибесі таратылды.
2016 жылы «Өрлеу» БАҰО филиалы ЖОБПҚБАИ өткізген «Әсерлі педагогтің әдістемелік жүйесі» облыстық байқауына қатысып, ІІ орын иеленді.
2018 жылдың қазан айында «Ауылдық шағын жинақты мектеп: бүгіні, мәселелері және болашағы» тақырыбындағы облыстық дөңгелек үстелде, 2018 жылдың қараша айында «Сабақты зерттеу (Lesson Study) – қазақстандық тәжірибеде» тақырыбындағы Республикалық аймақтық конференцияда, 2018 жылдың желтоқсан айында «Сабақты зерттеу мұғалім тәжірибесінде» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияда тәжірибесімен бөлісті.