02
декабрь
2022
"Парасат" тәрбие орталығының ұйымдастыруымен
Жаңатұрмыс орта мектебінде "Парасат" тәрбие орталығының ұйымдастыруымен "Балалар жылы" аясында қыз балаларға адамгершілік, әдептілік, сыпайылық, тиянақтылық, имандылық, тазалық қасиеттерін дамыту және жеке гигиенасын сақтауға, әдепсіздік жолға түспеуге тәрбиелеу мақсатында "Қыз Жібек" қыздар клубының кезекті жиналысы өткізілді. "Ерте жүктіліктің алдын алу" тақырыбында оқушыларға жаңа форматта түсіндірілді. Оқушылар ой бөлісіп өз пікірлерін ортаға салды.



