«Абай дана, Абай дара қазақта»
Жаңатұрмыс орта мектеп кітапханасында «Абай дана, Абай дара қазақта» тақырыбында 6-сынып оқушылары арасында әдеби кеш өткізілді. Бұл әдеби кеш қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы, ағартушысы Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын насихаттауға арналды. Іс-шара барысында Абайдың өлеңдері оқылып, қара сөздерінен үзінділер айтылды, әндері орындалды. Кештің мақсаты – оқушыларды ұлы ақын мұрасын құрметтеуге, рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу, әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.