БАЛАЛАР АРАСЫНДА ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ. » сш. Жанатурмыс
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Байзақ ауданының білім бөлімінің
"Жаңатұрмыс орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72637) 5 14 69
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:
+7(705) 574 01 73
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БАЛАЛАР АРАСЫНДА ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ.
02
февраль
2026

БАЛАЛАР АРАСЫНДА ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ.

«БАЛАЛАР  АРАСЫНДА  ЖОЛ  ҚАУІПСІЗДІГІ  МӘДЕНИЕТІН  ҚАЛЫПТАСТЫРУ. Жаңатұрмыс орта мектебінде   2026 жылы  қаңтар  айында  «Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында" Заң және тәртіп" айлығының Іс-шара жоспарына сәйкес мектеп тәлімгері Ж. Дауытбаеваның ұйымдастыруымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 

    Оқушыларға жол қозғалысы ережелерін сақтау, зейінді болу және өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарау қажеттігі жан-жақты түсіндіріліп, жаяу жүргінші өткелдері мен олардың маңы, аулалар мен тұрғын аймақтар, қоғамдық көлік аялдамалары, мектеп пен балабақша аумағы, сондай-ақ жолдың нашар көрінетін жағдайларындағы қауіп факторлары кеңінен түсіндірілді.

    Оқушыларға жолдан өту кезіндегі негізгі қауіпсіздік қағидалары, оның ішінде «Тоқтай тұр-қарап ал-тыңдап ал» ережесінің маңызы, жаяу жүргінші өткелінен дұрыс әрі қауіпсіз өту тәртібі, жолға кенеттен жүгіріп шықпау, көліктердің арасынан өтпеу, жол қозғалысы кезінде зейінді болу қажеттілігі  түсіндірілді.

    Көлікте және қоғамдық автобуста өзін-өзі ұстау мәдениеті, қауіпсіздік белдігін тағудың маңызы, жүргізушіні алаңдатпау, көліктен тек толық тоқтағаннан кейін түсу ережелері айтылды. Сондай-ақ велосипед, самокат, ролик сияқты жеке қозғалыс құралдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары, қорғаныш құралдарын қолдану және жолдан өту кезінде көліктен түсіп, жаяу өткізу қажеттігі атап өтілді.

    Жолдың нашар көрінетін жағдайларында (ымыртта, тұманда, жаңбырлы және қарлы ауа райында) жарық шағылыстырғыш элементтерді қолданудың маңыздылығы, ашық түсті киім кию және сақтық шараларын сақтау қажеттігі туралы кеңінен ақпарат берілді.

    Іс-шара барысында оқушылардың сұрақтарына жауап беріліп, жол қозғалысы ережелерін сақтау әрбір азаматтың, оның ішінде балалардың жеке қауіпсіздігі мен өмірін қорғаудың маңызды шарты екені түсіндірілді.

     Аталған түсіндіру жұмыстары балалардың жолдағы қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыруға, құқықтық сауаттылығын арттыруға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив