01
сентябрь
2023
1 қыркүйек – Білім күні
Жаңатұрмыс орта мектебінде 1 қыркүйек – Білім күніне орай «Мектебім-мерейім мектебім» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынға қонақ ретінде қатысқан аудандық Аудан әкімдігінің жер қатынастар бөлімінің басшысы Тұрсынбек Ержан Бақытжанұлы ұстаздарды, білім алушыларды, ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, 2023-2024 оқу жылы табысты, сәтті, шығармашылық пен жетістіктерге толы жыл болуын тіледі. Мектеп директоры Баятов Ерік Серікұлы өз сөзінде мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған бүлдіршіндерді, оқушылар мен ата-аналарды 1 қыркүйек – Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен құттықтай отырып, жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру - біздің басты міндетіміз екендігін атап өтті. Салтанатты жиыннан кейін Білім күніне арналған 1-11 сынып оқушылары аралығында «Мектебім-мерейім мектебім» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.





