25
январь
2019
Аудандық семинар
2019 жылдың 25-қаңтар күні Жаңатұрмыс орта мектебінде "Тиімді әдіс -тәсілдер-сапалы сабақ кепілі" тақырыбында аудандық оқыту семинары өтті. Аудандық семинарды білім бөлімінің әдіскері Д.Тұрсынбаева "Тиімді әдіс -тәсілдер-сапалы сабақ кепілі" баяндама жасап, мектеп директоры М.Р.Ускенбаев "Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушының сыни ойлау дамытуға бағытталған тиімді әдістерін қолдану жолдары" тақырыбында коучинг өткізді. Жамбыл облысы бойынша "Өрлеу" ПҚБАИ-ның аға оқытушысы П.Б.Танатарова "Биология пәнін оқыту интербелсенді әдістерді пайдаланудың тиімділігі" тақырыбында тренинг өткізсе, биология пәнінің мұғалімі К.Бегалиева ашық сабақ өтті.




