27
ноябрь
2025
Арт- терепиялық "Баламен бірге жаса"
Балалардың ішкі әлемін түсіну кейде қиынға соғады. Олар сезімдерін сөзбен жеткізе алмауы мүмкін, бірақ сурет, мүсін, қиял арқылы ойын еркін білдіре алады. Арт-терапия – баланың жан дүниесін шығармашылық арқылы зерттеудің, эмоциясын жғткізудің және өзін танудың тиімді жолы.
Балалар көбінесе эмоцияларын іште сақтап, сөзбен жеткізе алмайды. Сурет салу, мүсіндеу немесе түрлі түстермен жұмыс істеу арқылы олар өз сезімдерін сыртқа шығарып, жеңілдейді.
Өзін-өзі тану және сенімділік
Шығармашылық арқылы бала өзінің кім екенін, қандай қабілеттері бар екенін түсіне бастайды. Бұл оның өзіндік «Менін» қалыптастыруға, өзіне деген сенімділігін арттыруға көмектеседі.
Арт-терапия баланың бойындағы мазасыздықты басуға көмектеседі. Қарындаштың, қылқаламның әр қозғалысы жүйкеге жағымды әсер етіп, тыныштандырады.
Кейбір балалар өз ойын сөзбен жеткізуге қиналады. Арт-терапия олардың қоршаған ортамен байланысын нығайтып, ішкі жан дүниесін түсінуге мүмкіндік береді. Әр бала – ерекше. Арт-терапия оның қиялын дамытып, өзін еркін көрсетуіне жағдай жасайды.
Шығармашылық – баланың жан дүниесінің айнасы. Егер балаңыздың эмоциясын түсініп, ішкі күйзелісін жеңілдеткіңіз келсе, оған түрлі шығармашылық бағыттағы әрекеттерді ұсынатын арт-терапияны ұсынамыз!