17
ноябрь
2025
Ұлттық ойын -ұлттық қазынасы "Бестемше" ойыны
Ұлттық ойын «Бестемше» арқылы мектеп жасына дейінгі баланы жан-жақты дамыту
Бестемше ойыны — әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын рухани ойын, логикалық ойлау өнері. Бұл ойынның басты қасиеті — жеке тұлғаның сана-сезімін жетілдіруге, ақыл-ойын кемелдендіруге ерекше күш салады. Ұрпақ тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтын халқымыз, жасөспірімнің дене күшінің мол болуымен қатар, ақылды болуына да көп мән берген. Қазіргі кезде бестемше ойынының елімізде және шет елдерде кеңінен таралып, балабақша және мектеп бағдарламаларына енуі — ұлттық ойынның бала тәрбиесінде алатын маңызына байланысты болып отыр. Осыған байланысты, осы ой өнерінің жасөспірім тәрбиесіне беретін қандай маңызды ерекшеліктері бар, соған тоқталайық:
Бестемше ойынының маңызы
— Ойлау жүйесін дамыту;— Дербестікке үйрету;
— Назарды шоғырландыру;
— Уақытты тиімді падйлану;
— Жоспарлау және бас тартуды үйрету;
— Жадыны жақсарту және есте сақтау қабілетін дамыту;
— Қол моторикасының дамуы;
— Жан-жақты қалыптасу.
Бестемшенің басты маңызы — ойлау жүйесін дамытады
Бестемше ойыны — математикалық есеп ойыны. Жүрістерді алдын-ала ойлау, есептеу, қиялдау — оның негізгі өзегі. Сондықтан оқушы ойынды үйрену барысында оның бойында стратегиялық және жүйелі ойлау қабілеті қалыптасады. Бұл кез-келген салада болашақта керек болады. Өйткені өмірде де болашақ істеріңді алдын-ала ойлау — негізгі мәнге ие.
