02
сентябрь
2025
"Беске дейін үлгер" ата -аналарға арналған мобильді қосымша
Ата-аналарға балаларды ерте жастан күту және дамыту бойынша консультациялық көмек көрсету үшін «Беске дейін үлгер» мобильдік қосымшасы іске қосылады, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі. _
Мобильді қосымша үйде бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға денсаулық, тамақтану, тәрбие, дағдыларды қалыптастыру мен дамыту және өзара қарым-қатынас құру бойынша қолжетімді ақпарат ұсынады.
Қосымшаның мазмұны әлемдік институттардың нейробиологиялық зерттеулерінің ғылыми деректері негізінде әзірленген және біздің мәдени-тарихи құндылықтарымыз ескерілген.