03
ноябрь
2023
«Отбасы-бақыт бесігі»
Жаңатұрмыс орта мектебінде 3 қараша күні «Отбасы-бақыт бесігі» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында Мектеп директоры:Баятов Е.С мектептің тыныс-тіршілігімен және атқарылып жатқан жұмыс барысымен таныстырып өтті. ДТІЖО Бегалиева Қаракас “Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының мақсат, міндеттерімен таныстырды. Орталықтың жұмыс барысы бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ағымдағы мәселелер бойынша ұсыныс, пікірлер тыңдалып, кеңестер берілді.
Сонымен қатар,Мектеп психологы: Тасибекова Ә “Kahoot” платформасы арқылы тренинг ұйымдастырды.
#БІРТҰТАСТӘРБИЕБАҒДАРЛАМАСЫ


Сонымен қатар,Мектеп психологы: Тасибекова Ә “Kahoot” платформасы арқылы тренинг ұйымдастырды.
#БІРТҰТАСТӘРБИЕБАҒДАРЛАМАСЫ

